Ұстаз - ұлағатты ұғым » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2017

Ұстаз - ұлағатты ұғым

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, 
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. 
Ыбырай Алтынсарин

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. 
Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. 
Лицей оқушыларының жанынан құрылған лицей парламенті - Ұстаздарымыздың төл мерекесінің өз дәрежесінде өтуіне өзіндік әсер берді.Ашып айтар болсақ,ертеңгілік ұстаздарын қошеметпен қарсы алу,мұғалімдер бөлмесіндегі жүрек жарды тілектер мен құттықтаулар, заманауи үлгідегі байланыс арқылы әр сыныптағы сабақтардың өтілуі мен оқушылардың сабаққа қатысуы -бәрі Ұстаздарымыздың көңілін көтеріп, жадыратып жібергені анық.
Ең бастасы,оқушылардың ұйымдастыруымен өткізілген «Ұстаз-Ұлы есім» атты мерекелік кеш болды. Онда оқушылар өз өнерлерімен ортаға шықса, 9-б сынып оқушысы ақын,дарынды баламыз Әділхан Ақниеттің ұстаздарына арнаған жыр–шумағына бейнеәуен түсіріліп, ұстаздарын бір марқайтып тастады.Сонымен бірге бітіруші түлектеріміз бен лицейде жұмыс жасап кеткен мұғалімдердің тілектерін алдыруы - меркелік кештің тосынсыйы болды.
Мереке барысында лицей директоры Б.Ш.Омаров мырза ұстаздарға Республикалық,облыстық деңгейдегі марапаттаулар табыстады.