11
март
2025
Шын жүректен кітап сыйла
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты кітапханасы лицей ұжымы және оқушылармен бірлесе отырып, «Шын жүректен кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның басты мақсаты-қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету. Кітапхананы жақсы кітаптармен толтыру.Ақпараттық технология заманында да кітаптың өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету. Акция басты мақсатына қол жеткізді. Кітапхана білім алушыларға көркем әдебиетті оқуын, бір-біріне кітаптарды сыйлау дәстүрін жалғастырды. Бұл мерекеге лицейіміздің ағайлары мен апайлары да атсалысып кітапханаға кітап сыйлады. Лицей оқушылары белсенділік танытып,кітапзана қорын молайтты. Айта кетсек 7 «А» сынып оқушысы Мылтықбаев Иса «Қызыл алма», «Ақиқат пен аңыз» кітаптарын сыйлады. 9 «Б» сынып оқушылары сынып болып 34 кітап сыйлады. 10 «А» сынып оқушылары 51 кітап сыйлады. Бұл мереке кітапсүйер қауым үшін ерекше күн болып саналды. Кітап-жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бір-бірімізге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық! «Шын жүректен кітап сыйла» акциясын лицейіміздің тәрбие бөлімінің орынбасары Узун Ибрагим ағаймыз қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.




