14
декабрь
2017
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды. Осы мерекеге орай лицейімізде ұстаздардың және оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік іс-шара өтті. Іс-шара барысында лицей директоры Б.Омаров мырза оқу жылының 1-ші жартыжылдығында түрлі олимпиадалар мен интеллектуалды жарыстардан орын алған және қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсене қатысқан оқушыларды марапаттады. Сонымен қатар лицейіміздің жатақханасында тазалық жарысында жеңіске жеткен оқушыларға және лицейішілік футбол турнирінің жеңімпаздарына сыйлықтарын табыстады. Концерт лицей оқушыларының әні мен биі және тамаша күйлерімен аяқталды.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.