25
ноябрь
2017
«Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар форум-фестивалі
2017 жылғы 20-21 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық балалар форум-фестивалі болып өтті. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің, Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы бойынша уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен форум-фестивальдің мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы қатысып ,еліміздің қайраткерлерімен өз ойларын бөлісті.
Бұл басқосуға облысымыздан 18 оқушы қатысу мәртебесіне ие болса,оның ішінде №9 Дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінен Республикалық Робототехника сайысының жеңімпаздары Қалдыбек Әділетәлі мен Сауранбай Ақылжан да бар.
«Тек теледидардан ғана көріп жүрген мемлекет мүшелерімен кездесіп,сұхбаттасып,ол кісілердің айтқан ақылдарын тыңдап отырғанда,Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзадан естелік сыйлық алу кезінде өзімізді шексіз бақытты санадық»-дейді Әділетәлі.
Осы форумда оқушылар Зағипа Балиева,Е.Сағадиев және басқа да қоғам қайраткерлерімен ой бөлісіп, эстрада жұлдыздарының өнерлерін тамашалаған.

Жалпы әрбір игі істің басында осында ұрпағының жанашылары жүрсе,әрине,бұл біздің өскелең ұрпағымыз үшін үлкен қажеттілік, болашаққа деген сенімділік. Форум мақсатына сай,әр баланың тұлға ретінде Отанымыз үшін маңызды екенін тағы да дәлелдеді.Әр оқушы өз туған жеріне үлкен сеніммен, үлкен сезіммен оралғаны анық.