Қаламың қарышты болсын! » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2018

Қаламың қарышты болсын!

9 «Б» сынып оқушысы Әділжан Ақниет №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының үздік оқушыларының бірі. Ақниет -ерекше дарын иесі. Оның әр түрлі тақырыпта шығарған өлеңдері жүректерден жол тауып, көңілді керемет сезімге бөлейді. Жас ақынға "Қаламың қарышты болсын"- дей отырып, ұстаздар мерекесіне шығарған өлеңін ұсынып отырмыз.

Ұстаздарға тілек

Толтырған түлектердің нұрға жанын,
 Ұстаздар-ұлағатты тұлғаларым.
 Нұсқайсыз нәрлі жеміс – білім бағын,
 Ұқсайсыз бір – бір заңғар шыңға бәрің.

Ұстаздар – тілектестер, тәлімгерлер,
Жанына жас талаптың жалын берген.
Тезірек әр шыбығым тал болса деп,
Кезі жоқ күндіз – түні дамыл көрген.

Ортаға салған ойын орныменен,
Сіздерге көңілімнен төрді берем.
Дүрсілдеп тұла бойы жүрек болып,
Жүздері шуақ шашып елжіреген.

Тұрмыста жүрсін мейлі жиі жүдеп,
Сынақтың сабырлыға қиыны жоқ.
Сіздерді болса екен деп тілеп жүрем,
Біз берген бағадан да биігірек

Тұрса да бала деген бал – шекер боп,
Тентектік қылығымен шаршатар көп...
Ту ұстап, тұлпар мініп шығар әлі – ақ,
Сіздердің еңбегіңіз жанса екен тек!

Сынақ қой ұстаздық та басқа салған,
Сыналмай бақыт құшақ ашпас алдан.
Байқамай сіздер айтқан бір ауыз сөз
Таңбадай сақталады тасқа салған.

Болса егер ұл ұғымды, қыз қылықты,
Ғұмырын кешер мәнді, қызғылықты.
Ұядан түлеп ұшсын әр балапан,
Сіңіріп бойларына ізгілікті.

Әділжан Ақниет
№9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-«Б» сынып оқушысы