Білім көкжиегіндегі нақты қадамдар
Білім көкжиегіндегі нақты қадамдар
Жыл сайын Елбасымыздың дәстүрлі жолдауын әрбір қазақстандықтардың күтетіні жасырын емес. Елбасы Жолдауы бұл -еліміздің тыныштығы мен кемелдігі, алдағы жоспарлы міндеттер мен соған жетудегі қадамдар, нәтижелі іс әрекет пен оның бағындырар жетістіктері.
Биылғы Жолдаудың мәні ерекше.Елбасы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап ,жүзеге асыруы керек 10 міндетті айқындап берді.Әр міндеттің көтеретін жүгі мен атқаратын жұмысы нақты.Еліміздің әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп қарқынды даму жолында бұл міндеттердің маңызы да зор болмақ.
Білім саласының маманы болғасын, Жетінші міндет «Адами капитал-жаңғыру негізі»,яғни еліміздегі білім берудің жаңа сапасын жақсарту жолындағы нақтылық барша ұстаздардың көңілінен шықты деп есептеймін.
Бәсекелестікке қабілетті ел қатарына тек білімпаз өрендермен жететініміз белгілі.Бұл бағытта Елбасы біршама атқарылуға тиісті жолдарды төмендегідей нақтылады.
-Ең бірінші, тәрбие мен білімнің негізі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қатысты.2019 жылдың қыркүйегіне дейін баланың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен дағдысын дамытатын стандарттар енгізу қажеттілігі;
-2021 жылға дейін Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға толығымен көшіп, талапқа сай кадр дайындау,оқулықтар жүйесі мен стандарттарды жаңғырту.Осыған сәйкес ұстаздарды оқыту мен біліктілігін арттырудың жолдарын қайта қарау;
-ЖОО-да болсын,мектепте болсын математикалық және жаратылыстану бағыттарының сапасын күшейту;
- ТМД елдерімен салыстырған біздің оқушылардың жүктемесі ең жоғары болуына байланысты,оны төмендету керектігі;
-Барлық өңірдегі Оқушылар сарайын жандандырып, олардың базасына қажетті заманауи құралдар қолжетімді болу;
-2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейі латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау;
-Орта мектептер мен колледждер,ЖОО-ның үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын интернетке орналастыру.Мақсаты:шалғай жерлердегі мамандардың озық білімге қол жеткізуі;
-Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп,олардың зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың саясатын жүргізу керектігін айтып өтті.
Бұл -біздің білім саласының дамуының шыңы болмақ.Осы қадамдардың нақтылығы мен өміршеңдігі ұстаздар қауымына да тікелей байланысты.Елбасының қамқорлығы мен көрегенділігінің тағы бір дәлелі осы қадамдар болмақ.
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шамшатова Айнұр Бердібекқызы