03
октябрь
2024
«7-сынып оқушыларын қарсы алу» іс-шарасы
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен«7-сынып оқушыларын қарсы алу» іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: 7-сынып оқушыларымен танысу, олардың лицей өміріне деген қызығушылықтарын арттыру;
Барысы: Лицей президенті және өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Шара барысында көптеген қызықты ойындар, жатақхана, лицей қабырғасында болған түрлі қызықты оқиғаларды айтып әдемі әңгіме өрбітті.
Қорытынды: Қорытындылай келе лицей тәрбиешісі және лицей президенті сөз сөйлеп, оқушыларға мақсатымыз білім мен тәрбиені қатар алып жүру екендігін айтты. Сонымен қатар қазіргі таңда адам жан-жақты болу қажеттігі айтылып, лицейдегі әрбір іс-шараға белсене атсалысуға шақырды.

