Кемелдік айы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2022

Кемелдік айы



АҚПАН АЙЫ—КЕМЕЛДІК АЙЫ!

Құндылыққа негізделген мектеп жобасы аясында лицей-интернатта "Кемелдік айы" басталды. Кемел адам-өзін-өзі басқара білетін, үнемі ізденісте болатын, тәрбиелі, мәдениетті, білімді, жан-жақты адам дейтін болсақ, кемелдіктің толып жатқан қасиет, қағидаты жетерлік. Әрбір баланың тұлға болып қалыптасуында ұлттық құндылықтармен бірге жеке адамның өзіндік құндылықтарының қатар жетілуі басты назарда. Лицей-интернат директоры Р. Сихимбеков бүгінгі Кемелдік айының ашылуында бүкіл ұжымның, яғни ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар, қызметкерлердің-бәрінің де бала тәрбиелеудегі өзіндік орны бар екенін еске сала отырып, лицей-интернаттағы іс-шараға белсене атсалысуға шақырды.
Лицейдің аналар академиясы лицей ұжымына құнды, мазмұнды кітаптарды сыйға тартты. Сонымен қатар Қ. Жолдыбайдың Кемел адам кітабын оқып, осы кітап бойынша сынақ сайысына қатысатынын хабарлады.

Похожие публикации:

14 декабрь 2017 Тәуелсіздік күні