Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты аталар сайысы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты аталар сайысы
09
февраль
2024

Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты аталар сайысы

С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арнал
ған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында 
«Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты аталар сайысы өтті.

Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, халқымыздың тәлім-тәрбиесі, ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру; Оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дарыту;

Барысы: Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, өнеге-өсиетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Осыған орай лицей-интренатта «Даналық мектебі» жобасы, «Өсиет» аталар мектебі мүшелерінің қатысуымен  «Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты аталар сайысы өткізілді. Сайысты лицей-интернат директоры Айбеков Айдын ағай ашып берді. Сайысқа әр сыныптан ата мен немере қатыстырылып 4 кезең бойынша бақтарын сынады. 

І.    Таныстыру (видеоролик, ата мен бала)

ІІ.   Өнер сайысы (үй тапсырмасы)

ІІІ. Сандарға байланысты танымдық ойын (ата мен бала)

IV.  Бата беру (аталар), 

       Құпия сандық (немерелер)


Аталар мен немерелер әр сайыста өздерінің жоғары дайындықтарын, алғырлықтарын, өнерлерін көрсете білді. 

Қорытынды: Қорытынды сөзді қазылар алқасы сөйлеп, сайыс бойынша өз пікірлерін, алғыстарын білдірді. Әр сынып әртүрлі номинациялармен марапатталды. Бас жүлдені 9 «Б» сыныбының атасы Мэлс Назарұлы атамызбен немересі Аманжаев Бекали иеленді. Қатысқан, атсалықан барша жанға алғыс білдірілді.