мамандық таңдау
«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы бойынша С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-11 сынып оқушыларына «Профи TIME» мамандықтар әлемінде тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге лицей түлегі Айдос Күмісбекұлы шақырылды. Айдос қазіргі таңда Облыстық балалар ауруханасында балалар хирургы болып жұмыс жасайтындығын айтып, жұмысының маңыздылығын, қызығы мен қиыншылығын балалармен бөлісті. Ол өзінің лицей қабырғасында жүргенде қандай пәнге қалай дайындалғандығы жөнінде сөз қозғап, өзінің кеңестерін айтты. Сонымен қатар қазіргі қажетті деген мамандықтарға тоқталып өтті. Оқушылар да өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Оқушылар кездесу барысында әдемі әңгіме, қызықты оқиғаларымен бөліскеніне, мамандық таңдау деген үлкен қадамда бағыт-бағдар беріп, үлес қосқанына өз алғыстарын айтты. Үлкен әсер, алғандықтарын, болашаққа деген сенімдерінің артқандықтарын жеткізді.