07
сентябрь
2022
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювинальды полиция бөлімшесінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жүсіпбеков Саламат Сәруарұлымен кездесу өтті. Оқушыларға берілген тақырыпта презентация жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың тағы бір бағыты әртүрлі қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтардың және т.б. қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру болып табылады. Себебі кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алу көбіне жасөспірімдердің бос уақытында ұйымдастырылатын әртүрлі қызметтердің жұмыс сапасына байланысты. Мәдениет, ойынсауық, спорт және туризм мекемелерінің, әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған кәмелетке толмағандарды көркемөнер, техникалық, спорт және т.б. үйірме, секцияларында үйренуге тарту, оларды отандық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарына баулу басты назарда болуы тиіс екендігін түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында полиция инспекторы оқушыларға ұрлық, интернет желісінде жасалған алаяқтық алдау, кибербулингтер жазасыз қалмайтындығын, мұндай қылмыс жасағандар заң алдында жауап беруден құтылмайтыны айтылды. Сонымен қатар көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүрудің белгілі бір уақыттары бар екендігін жеткізді. Видиороликтер көрсетілді.
Жастар денсаулық орталығы валеолог маманы Алтаева Арай оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға берілген тақырыпта презентация жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Адамның жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу. Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірге ең қажет дүние – ол алаңсыз, жақсы өмір сүру, соған ұмтылу. Адамның ең бірінші байлығы ол адамның денсаулығы екендігін түсіндіріп өтті. Адам ағзасына зиянды тағамдарды айтып, мысал ретінде күнделікті жастардың тұтынатын тағамдарын, оның қаншалықты ағзаға зиян тигізетінін түсіндірді. Тамақтану гигиенасы, тамақтану нормасы, тәртібі туралы айтылды. Сонымен қатар зиянды әдеттердің ағзаға, жалпы адам баласының болашағына деген үлкен қауіптілігін айтты.
Түсіндірме жұмыстары барысында «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет» тақырыбында нашақорлық – ғасыр дерті екендігін, есірткі заттардың адам өміріне аса қауіпті індет екендігі түсіндірілді. Кездесу барысында темекінің зардаптары, маскүнемдік, гигиена, өмір туралы түсініктер берілді. Дүниедегі ең қымбаты ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолында деп салуатты өмір сүріңдер, спортпен айналысыңдар деген кеңестер айтылды.