Ұлттық өнер » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
март
2024

Ұлттық өнер

С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы аясында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық өнер» көрмесі өткізілді. 

                                                                   

Мақсаты:

         Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін ашу, мәдениет пен өнер арқылы әдемі әлемге баулу, ел тарихының маңыздылығы мен қатысуын арттыру, отансүйгіштікке және туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мәдени мұраны сақтау.

Барысы:

           Кез келген халықтың әл-ауқаты шешуші дәрежеде оның мәдени кодын – ұлттық менталитеттің негізін құрайтын бірегей белгілерінің сақталуымен анықталады. Халық ертегілерінде, әндерде, қолөнерде, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда бейнеленген ұлттық өнер жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды факторы болып табылады. «Ұлттық өнер» көрмесі оқушыларды Ұлы Жібек жолындағы бай керуеннен қазіргі Қазақстан өнерінің жауһарларына дейінгі ұрпақтардың ұлы мәдениетін түсінуге баулыйды. Лицей-интернатта төрт тоқсанға төрт жоба аясында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық өнер» көрмесі өткізілді. Көрмеде оқушылардың өз қолдарымен ағаштан, гипстен көркемдік өңдеу арқылы жасалған заттары қойылып, түсіндірілді. 

Қорытынды:

         Біз бұл көрме арқылы оқушылар мәдени ой-өрістерін кеңейтіп, дәстүрлі ұлттық өнер мен халық өнерінің алуан түрлеріне қызығушылықтарының дамуына үлес қосады. Бұл көрме патриоттық сезімді, эстетикалық талғамды, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарауды тәрбиелеуге көмектеседі.