«Тоғыз айға 9 іс-шара» » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2024

«Тоғыз айға 9 іс-шара»


«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2024 жылдың 12-ші сәуір күні барлық білім беру ұйымдарының, соның ішінде С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Шахмат және тоғызқұмалақ» тақырыбында ұлтымыздың ақыл-ой спорт түрлерінен челлендж өткізілді. 


Мақсаты:

Білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, шахмат ойнауға қызығушылығын қалыптастыру, шахмат ойынын кеңінен насихаттау 

Барысы:

         Шахмат – көне тарихы бар зияткерлік ойын. Қазір ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: ол тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді логикалық ойлауға және өз іс-әрекетін жоспарлауға үйретеді, зейіннің шоғырлануын дамытады. Шахмат – жинақылық, сыни тұрғыдан ойлау, абстрактілі ойлау, есептерді шешу, шығармашылық талдау, бағалау сияқты өмір бойы ақыл-ой дағдыларын дамытатын шексіз зиякерлік жаттығулар. 

         Терең ойды талап ететін ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Ойын танымдық, эстетикалық, спорттық, тіпті ғылыми аспектілерге ие. Тоғызқұмалақтың емдік қасиеті де бар, ол жасөспірімдер миын дамытады. Сондықтан ол жергілікті, ұлттық деңгейден асып, әлемдік маңызға ие. Бұл ойын ақыл-ойды дамытып қана қоймайды, ол тәртіпке үйретеді. Тоғызқұмалақ ойнаған бала өскен соң күнделікті жоспарын оңай құра алады, кез келген жағдайда өзін тұлға ретінде көрсетеді, белгілі бір оқиғаға байланысты өзіндік ұстанымы, көзқарасы болады. Ойын халықтың мінезін танытады.


         Жалпы челлендж оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, логикасын, зейінін жаттықтыруға ықпалы зор. Сонымен қатар оқушылар арасында қарым-қатынасты жақсартады. 


Қорытынды:

            Қорытындылай келе оқушылар ойынның қызық өткендіктерін жеткізді. Өздері үшін жақсы тәжірибе жинағандықтарын, демалғандықтарын айтты. 


Сілтеме:

https://fb.watch/rsxOaaNk41/?mibextid=RtaFA8



Похожие публикации:

23 октябрь 2023 Әнұран орындау
27 ноябрь 2023 Ақындар айтысы