27
ноябрь
2023
Ақындар айтысы



«Білім-инновация» лицей-интернаты
Анықтама
Өткізілген күні: 27.10.2023ж
Қатысушылар: лицей-интернат оқушылары
Тақырыбы: Ақындар айтысы
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Ақындар айтысы» өткізілді.
Мақсаты:
Ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, эмоционалды интеллекті қалыптастыру, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнердің баға жетпес мұрасы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Барысы:
Айтыс – қазақ халқының жүрегі мен жаны. Айтыстың көмегімен ақындар қазақ халқын толғандырған ойларын, тілектері мен армандарын жеткізді. Қазақ халқы ғасырлар бойы ақындығымен, тапқырлығымен және шешендігімен сайыса білуімен танымал болды. Қазіргі жаһандық әлемде қазақ халқы айтыстың қайталанбас бірегейлігін сақтап қалды. Республика күніне орай, «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында лицей-интернат оқушыларының қатысуымен «Ақындар айтысы» өткізілді. «Ақындар айтысы» екі айналымнан тұрды. Бірінші айналымда әр сыныптан оқушылар қатысып сайысты. Екінші айналымда сол сайыс бойынша жеңіске жеткен оқушылар қатысты. Сайыс тартысты өтті.
Қорытынды:
«Ақындар айтысы» - көркем – эстетикалық даму нысаны, балалардың шығармашылық жетістіктерін көрсетудің зор мүмкіндігі. Оқушылар белсенді атсалысты. Өз ойларын ашық, еркін жеткізе білді. Жеңіске жеткен, өнерлерін ортаға салған, атсалысқан оқушыларға алғыс білдірілді.