«Оқуға құштар мектеп» челленджі
«Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде 2024 жылдың 29-шы ақпан күні барлық білім беру ұйымдарының, соның ішінде С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Оқуға құштар мектеп» челленджі бойынша «Сүйікті кітабым» көрмесі ұйымдастырылып «Тұлпар мініп ту алған» тақырыбында батырлар жырын оқу эстафетасы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.
Барысы:
Қазіргі уақытта білім беру және мәдени саясаттың жалпыұлттық міндеті-білім алушыларды көркем әдебиетті оқуға тарту, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың құндылық ретінде беделін арттыру. Көркем әдебиетті оқу-еркін сөйлеуге, ойын дұрыс жеткізуге, рухани-адамгершілік тұрғыдан жетілген тұлға болып қалыптасуға үлкен әсерін тигізетін маңызды құрал. Оқушылар «Сүйікті кітабым» көрмесі барысында өздерінің сүйіп оқыған кітаптарын қойып, оны достарына көрсетіп, кітаптың қысқаша мазмұнымен бөлісті. Батырлар жыры – қазақтың өлмес мұрасының бірі. Өйткені батырлыққа тәрбиелеу үшін жырды баланың санасына бесікте жатқаннан сіңірген. Сол арқылы баласының намысын қайрап, жігерлендіріп отырған. Ұйымдастырылған «Тұлпар мініп ту алған» тақырыбындағы батырлар жырын оқу барысында оқушылар көптеген ой түйе білді.
Қорытынды:
Батырлар жыры қазақ елінің тамырын тереңге жайған тарихы барлығын дәлелдейді. Бұндай ерлік дастандары еш елде жоқ. Әлемнің тең жартысы әлі даму үстінде болғанда бізде өркениет болғанын Есік қаласынан табылған алтын адамның киімі дәлелдеді. Ал сүйегі осы жерде өмір сүргенін айғақтап тұр. Ол – жай адам емес, осы жерге иелік еткен адам. Ал біз – солардың ұрпағымыз. Біз батырлардың ұрпағы екендігімізге мақтанамыз және әрдайым соған сай болайық деген ізгі тілек білдірілді.


