27
декабрь
2021
№9 БИЛ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ
№9 БИЛ ТҮЛЕКТЕРІНЕ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ!
№9 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты ұстаздарына Түлектер ассоциациясы атынан үлкен құрмет көрсетілді. Лицейдің орыс тілі мұғалімі Ерманова Бақыткүл мен математика пәні мұғалімі Маманов Нұркенге түлектер ассоциациясы әр қайсысына 1 млн теңгеден сыйақы тағайындаған болатын. Күзгі демалыс уақытында екі мұғалім Дубайда өткен Білім және ғылым көрмесіне қатысып, Абу Даби қаласындағы Экспоны тамашалап қайтты. Саяхат өте жақсы ұйымдастырылды. Қызылордадан шыққаннан бастап, Дубайда, Абу-Дабиде, Алматыда түлектер қарсы алып, ұстаздарға көмек көрсетіп, құрмет көрсетті.
Түлектер ассоциациясы лицейдің материалдық-техникалық базасын нығайтуға өз үлестерін қосып, ұшқан ұясының алдында борышын өтеп келеді.
Енді осы оқу жылынан бастап түлектеріміз ұстаздардың шетел оқу орындарымен, білім, ғылым жаңалықтарымен танысу, тәжірибе алмасу мүмкіндігін дәстүрге айналдырмақшы. Ұстаздар үшін бұл үлкен мәртебе, құрмет болып табылады. Түлектерімізге ұстаздар атынан зор алғысымызды айтамыз!