19
декабрь
2017
"Рəміздер алаңына" саяхат
Желтоқсанның 11-15 аралығында өткен тарих апталығы барысында 7-сынып оқушылары Қызылорда қаласындағы "Рəміздер алаңына" саяхат жасады. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттер қалыптасу үшін туған жеріне құрметі артуы керек. Саяхат барысында оқушылар рəміздердің тарихымен танысып, еліміздің дамуындағы рəміздердің тарихи орны туралы мəліметтермен өз білімдерін жетілдірді. Оқушылар үлкен көлемдегі рəміздерді көріп таңданып қайтты. Қаламызда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнайы тұрғызылған "Рəміздер алаңы" қаламыздың көркін келтіріп тұр.