06
ноябрь
2017
футболдан дәстүрлі республикалық турнир
2017 жылдың 2-3 қараша күндері «Білім-инновация» лицей оқушылары арасында Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнирі өтті. Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім депаратаментінің директор орынбасары Маусымбаева Айнұр Толқынқызы мен Республикалық таэквондо федерациясының вице-президенті, Пекин олимпиадасының қола медаль иегері Чилманов Арман Константинұлы қатысты. Додаға «Білім-инновация» лицейлерінің 7-8-сынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 217 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 27 команда өзара сайысқа түсті. Аталмыш спорттық жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында бауырмалдық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Лицейіміздің намысын қорғауға барған оқушыларымыз өздерінің тамаша ойындарын көрсетіп қайтты.