Көңілді тапқырлар лигасы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2018

Көңілді тапқырлар лигасы

Қаңтардың 18-19 күндері Тараз қаласында Білім-инновация лицей оқушыларының арасында Көңілді тапқырлар лигасының екінші кезеңі өткен болатын. Жарыстың бірінші күні Ақтөбе, Қарағанды (ұл), Тараз (қыз), Тараз (ұл), Қызылорда (ұл) лицейлерінен құралған командалар бақ сынады. Алғашқы бөлімнің қорытындысы бойынша бірінші орынға Қызылорда оқушылары лайық деп табылды. Екінші және үшінші орынды жергілікті Тараз (ер) және Айша бибі атындағы қыздар лицейінің оқушылары иеленді. Екінші күнді Астана (қыз), Астана Нұрорда, СДКЛ, Екібастұз (ОМПЛ), Есік лицейлерінен келген оқушылар жалғастырды. Нәтижесінде Есік оқушылары бірінші орынға ие болса, СДКЛ екінші және Екібастұз командалары жүлделі үшінші орынға жайғасты. Қызық әрі тартысты өткен жарыста барлық қатысушы құр қол қайтқан жоқ. Бірінші орын алған командалар 100 мың теңгемен марапатталды әрі оларды көктемде Астанада өтетін ақтық сайыс ойыны күтіп тұр! Барша қатысушы, ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!