Облыстық олимпиада жүлдегерлері » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2018

Облыстық олимпиада жүлдегерлері

                        Құттықтаймыз!!!
         5-6 қаңтар 2018 жылы болып өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінен №9 дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты командалық есепте облыс көлеміндегі "Ең үздік олимпиадалық команда" марапатына ие болды. Ол- оқушыларымыздың 24 жүлделі орынды иеленіп, лицей-интернат мәртебесін көтергендігінің көрсеткіші. Атап айтқанда, 8 оқушы - І орын, 5 оқушы - ІІ орын, 11 оқушы ІІІ орын иеленді. 
         Қазақстан тарихынан Шайұзақов Ерасыл ІІІ орын алды, пән мұғалімі - Шайхиева Ұлмекен.
         Ағылшын тілінен І орынды Ақбай Сұлтан, ал Аббас Мұхтар ІІІ орын иеленді, пән мұғалімі - Жапбаров Нұрғазы.
         Орыс тілінен Бақтыбаев Дәулет ІІІ орын иеленді, пән мұғалімі - Ерманова Бақыткүл.
         Биологиядан Ким Артем, Минас Дулат, Прманов Арман І жүлделі орынға и болды, ал Бектұрған Аманбек ІІ орын алды, пән мұғалімі - Абдурафиков Рустам.
         Математикадан Төлебай Самат, Сейлханов Нұрдәулет І орын, Орынбай Сұлтан ІІ орын, Тұрар Досжан, Рысбай Саят, Бақтияр Жасұланбек жүлделі ІІІ орынға ие болды, пән мұғалімі - Мандибаев Айдар және Жұман Төрехан. 
         Химия пәнінен Ізнат Нұркелді мен Нұрдәулетов Ислам І орын, Мүбарак Айсұлтан ІІ орын, Жұмабек Рахат ІІІ орын иеленді, пән мұғалімі - Секмен Айтекин.
         Физика пәнінен Мақшатов Мади мен Серикбаев Исламхан ІІ орын, Ермантай Бағжан, Шарип Дамир, Сейтқали Әлішер, Сейтқали Ұлан ІІІ орынға ие болды, пән мұғалімі Шаймардан Біржан мен Алайдаров Ахмет.
         Оқушыларымызды білім шыңына жетелеп, биіктерден көрінуіне зор үлес қосқан лицей-интернат ұстаздарына алғыс білдіреміз! Жүлделеріңіз құтты болсын!