19
февраль
2024
Тәрбиешілер күні
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты 2024 жылдың ақпан айының 19 күні өзін-өзі басқару, ұйымының ұйымдастыруымен «Тәрбиешілер күнін» атап өтті. Іс-шара барысында тәрбиеші ағайларды оқушылар қошеметпен қарсы алып, өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би биледі. Жасап жатқан еңбектеріне жеміс тілеп, әрдайым қамқорлық көрсететіндеріне алғыстарын айтып, сыйлықтарын табыстады. Іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Барлық тәрбиешілерді төл мерекелерімен құттықтаймыз!

