25
октябрь
2023
«Достық спартакиадасы»
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес, әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен «Достық спартакиадасы» өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Барысы: Лицей-интернатта қараша айының 25 күні лицей тәрбиеленушілерінің ата-аналарының арасында «Достық спартакиадасы» өткізілді. Ата-аналар шахмат, үстел теннисі, волейбол ойындары бойынша өз бақтарын сынады. Әр ойын бойынша тиянақтылық көрсетіп, ойын ережесін бұзбау сынды шарттарды толық орындады. Ойын барысында ата-аналар ұйымшылдық көрсете білді және арта түсті. Белсенділіктері жоғары деңгейде болды.
Қорытынды: Қорытындылай келе лицей-интернат директоры сөз алып шахмат, үстел теннисі, волейбол ойындары бойынша жүлделі І,ІІ,ІІІ орын алған командаларды марапаттады. Ата-аналар лицей ұжымына ризашылықтарын білдірді.

