наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернаты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өтті.
Ізгілік пен сұлулыққа толы жарқын мереке жүректерге жылу сыйлайды. Бар әлем ана бақыты және махаббатымен түрлене түседі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай лицей ер азаматтары барлық әйел, аруларды құттықтады. Қызыл кілем, гүл шоқтары, тәтті шоколадтар табысталып қошемет білдірілді. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, лицей директоры Айбеков Айдын ағай және әкелер кеңесінің төрағасы Сүлейменұлы Нариман ағай сөз сөйлеп, құттықтау сөздерін жеткізді. Ағайлар ән айтып, би билеп, сыйлықтарын табыстап, ойын ойнатып мерекелік кешті жоғары деңгейде көрсете алды. Кеш соңында ер азаматтарға ұжымның барлық әйел азаматшаларының атынан үлкен алғыс айтылды. Естелік суретке түсті.