Оқуға құштар мектеп
Мақсаты: Оқырман қауымдастығын қалыптастыру, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру. Оқушылармен ата-аналарды кітап оқуға тарту. Ата-аналармен мектеп кітапханасының тығыз байланыста болып ынтымақтастық құруы өскелең ұрпақтың өте сауатты болуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ата-аналар мен лицей кітапханасының тығыз байланыс орнатуы;
Барысы: Наурыз айының 15 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аналар академиясымен бірлесе отырып «Оқырман ана» тақырыбында фестиваль өткізілді. Ата-аналармен мектеп кітапханасының тығыз байланыста болып ынтымақтастық құруы өскелең ұрпақтың өте сауатты болуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Фестивальда аналар өздері оқыған кітаптар бойынша таныстырылым жасап, сұрақтарға жауап берді. Шара барысында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын оқып, талқылады.
Қорытынды: Қорытындылай келе Аналар академиясының төрайымы Нальдибекова Амина сөз сөйлеп, қорытындылап барша қатысқан аналарға алғысын білдірді.

