Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру аясында «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін талқылау » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру аясында «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін талқылау
04
декабрь
2020

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру аясында «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін талқылау

Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру аясында
«Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін талқылау
бойынша атқарылған іс-шаралар

03.11.2020 ж күні 10-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмін талқылау бойынша «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Қатысқан оқушы саны – 70.
Мақсаты - оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
04.11.2020ж күні 9-11 сынып оқушыларына «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында эссе жазылды. Отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
19.11.2020ж күні 7-11 сынып оқушыларына «Болашаққа бастар жол» деректі фильмін талқылау бойынша «Тәуелсіздіктің жеті қыры» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін ұлықтау және ұлы даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлеріміз туралы келелі мәселерді талдау.
24.11.2020ж күні «Парасатты шешім» деректі фильмін талқылау бойынша «Қазақстанды ядролық қарусыз әлем ретінде құрудағы Тұңғыш Президенті – Елбасының ролі» тақырыбында конференция өткізілді.
25.11.2020ж күні 7-11 сынып оқушыларына «Менің Қазақстаным!» деректі фильмін талқылау бойынша «Тұңғыш Президент» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Оқушылар туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Менің елім - Тәуелсіз Қазақстан» атты байқауға жоғарыда аталған сыныптардан 25 оқушы қатысты.