Қылмыс пен құқық бұзушылық ұғымы мен мәні » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қылмыс пен құқық бұзушылық ұғымы мен мәні
10
октябрь
2023

Қылмыс пен құқық бұзушылық ұғымы мен мәні



Хаттама


С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық                          «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-10 сынып оқушыларына 06.10.2023 жылы сағат 14:30-да ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция аға лейтенанты Саламат Абылайхан Бахбергенұлы түсіндірме жұмыстарын жасады.

Қатысқандар:

  1. 7-10 сынып оқушылары: 188

Тәрбиелік іс-шараның тақырыбы:

«Қылмыс пен құқық бұзушылық ұғымы мен мәні». құқықшылықтың алдын алуға байланысты

Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыс, топтық төбелестердің, қылмыстардың алдын алу; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу;

            

Барысы: Лицей-интернат оқушылары ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция аға лейтенанты Саламат Абылайхан Бахбергенұлымен кездесу өтті. 

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Тақырып бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берді. Қылмыс жасағандар заң алдында жауап беруден құтылмайтыны айтылды. Сонымен қатар көшеде, ойын-сауық орталықтарында жүрудің белгілі бір уақыттары бар екендігін жеткізді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жайында кеңінен түсіндірілді. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екендігі айтылды. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайлар орын алатындығы түсіндірілді.


Қорытынды: Тақырыпты талдай келе құқық бұзушылықтың адамға, қоғамға аса қауіпті екендігі айтылды. Тақырып толығымен ашылып, оқушылар пайдалы мағұлмат алғандықтарын, түсінгендіктерін жеткізді.  Кездесу өз деңгейінде өтті.