АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату, алдын алу, сақтану » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату, алдын алу, сақтану
15
февраль
2024

АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату, алдын алу, сақтану

С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернатының 7-10 сынып оқушылары арасында 14.11.2023жылы сағат 14:30-да Қызылорда облыстық ЖИТС орталығының маманы Балмаханова Айгүл түсіндірме жұмыстарын жасады.
Қатысқандар:
1. 7-10 сынып оқушылары: 189
2. Лицей директорының орынбасарлары
3. Лицей дәрігері, аяжаны
4. Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер
5. Лицей психологі

Іс-шараның тақырыбы:
1.АИТВ/ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індет ахуалы,
2.АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары
3.Бейнефильм көрсету
4.Дискриминация, стигманың алдын алу

Мақсаты:
АИТВ-инфекциясының таралуын тоқтату, алдын алу, сақтану шараларын түсіндіру;
Барысы:
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Көшбасшылық қоғамдастықтарға» тақырыбымен АИТВ/ЖИТС-тің ҚР, облыстағы індет ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары, бейнефильм көрсету, дискриминация, стигманың алдын алу жөнінде Қызылорда облыстық ЖИТС орталығының маманы Балмаханова Айгүл түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жылда 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні болып аталып өтіледі. Бұл күні бүкіл әлем АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау үшін бірігіп, ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алады. Бұл күні АИТВ-мен күрестің әлі де болса аяқталмағанын, оның өзектілігін еске сала отырып, АИТВ-ның адам өміріне әсері, осы аурудың жұғу, алдын алу жолдары, АИТВ жұқтырған адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, стигма мен кемсітушілікті жою тақырыптарында әр түрлі форматта мағұлматтар берілетіндіктерін айтты. АИТВ/ЖИТС-тің әлемдегі, республикадағы, облыстағы және аудандағы індеттік ахуалы, эпидемиологиясы, алдын алу шаралары жөнінде ақпараттар беріп өтті.
АИТВ/ЖИТС жаһандық ауқымда қоғам денсаулығын сақтаудың ең басты мәселелерінің бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда осы дерт 35 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. Халықаралық қауымдастықтың 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы ең маңызды мақсаттарының бірі болып халық денсаулығына қауіп төндіріп отырған ЖИТС індетін тоқтату міндеті табылады. АИТВ-жұқпа жасөспірімдер өмірінің негізгі тұстарын шарпиды: ағзалық, психологиялық, әлеуметтік және рухани. Осы жас тобында бірінші қатарға клиникалық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер шығады, олар мінез-құлықтық ерекшеліктерге байланысты туындап, балаларды АИТВ жұқпасы алдында едәуір ұрымтал етеді және емдеу мен күтім көрсету бағдарламаларына қолжетімділігін қиындатады. Көбінесе АИТВ жұқтырғаншалдыққан жасөспірімдерде стигма мен кемсіту алдында қорқыныш байқалады, аталмыш құбылыстар олардың отбасына да әсер етпей қоймайды. Көптеген жасөспірімдер ағзасында АИТВ бар екенінен бейхабар, ал ем қабылдайтындары арасында тағайындалған емдеу тәртібін ұстанбайтындары бар. Жасөспірімдердің тек медициналық қажеттеліктері шеңберінен тыс жатқан мәселелердің мәні артып барады, оларсыз АИТВ/ЖИТС алдын алу шаралары біртұтас және орнықты бола алмайды.

Қорытынды: Оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық материалдар таратылып, слайдтар көрсетілді.