зорлық-зомбылықтың алдын алу » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » зорлық-зомбылықтың алдын алу
29
сентябрь
2023

зорлық-зомбылықтың алдын алу

С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-10 сынып оқушылары арасында 29.09.2023жылы Қызылорда облысының Облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы Бижанова Жазира «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында  түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Қатысқандар:

  1. 7-10 сынып оқушылары: 194
  2. Лицей директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары-2
  3. Психолог-1
  4. Лицей дәрігері-1
  5. Аяжаны-1
  6. Сынып жетекшілер -8

Тәрбиелік іс-шараның тақырыбы:

  1. Зорлық-зомбылықтың алдын алу
  2. Отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ата-ананың дағдыларын нығайту.


Мақсаты: Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап алып келетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екені айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағұлмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық іске бармауға, адами бойларындағы қасиеттерді сақтауға, әдепті, тәртіпті тұлға болып өсуге тәрбиелеу.


Барысы: Қызылорда облысының Облыстық жастар денсаулығы орталығының психологы Бижанова Жазирамен кездесу өтті. Кездесу барысында зорлық-зомбылық және оның алдын алу жайында кеңінен түсіндірілді. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Соңғы уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың өсуі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, жаһандық сипатқа ие, өйткені оның құрбандары - жәбірленушілердің ең осал санаты болып табылады. Оқиғалардың мұндай дамуын болдырмау бөлігінде зорлық-зомбылық жағдайларын ерте анықтауға және баланы, егер мүмкін болса, отбасын оңалту бойынша шаралар қабылдауға ерекше назар аударылатындығы түсіндірілді.

Бүгінгі таңда  отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы да ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. 

Зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?

Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет. Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау істері арыз бермей-ақ қозғалады.

Егер қандайда бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіндігі болмаса анасына, достарына, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болатындығы айтылды..

Қорытынды:

Тақырыпты талдай келе зорлық-зомбылықтың адамға, қоғамға аса қауіпті екендігі айтылып, салауатты өмір салты, әдеп, тәртіп жайлы түсініктер берілді. Тақырып толығымен ашылып, оқушылар өз ойларымен толық бөлісті. Кездесу өз деңгейінде өтті