05
январь
2023
Мамандық таңдау
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөлу қажет.
Лицей-интернаттың 9-11 сынып оқушыларына Назарбаев Университетінен келген өкілдер университет жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Университетке қалай түсу, болашақ мамандықты қалай таңдау керек екендігі жөнінде кеңінен талдау жасап, мамандықты дұрыс таңдауға кеңес берді. Университет өкілі мен профессоры жүргізген презентация оқушылардың университетке түсуге деген ынтасын аша білді.
Түсіндірме жұмыстары жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, жауап ала білді.