Тілдер мерекесі » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2023

Тілдер мерекесі

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзін¬дік сыры бар. Өйткені бұл күн – хал¬қының азаттық жолына басын тіккен, ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Бай¬тұрсынұлының туған күні. Тіл м嬬рекесін «Өз ті¬лімен сөйлескен, өз тілі¬мен жаз-ған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» деп, қоғамдық сананы тіл тазалығын сақтауға үндеген Ұлт ұстазының туған күніне орайластыру – тәуелді санадан құтылғандығымыздың жарқын бір көрінісі, елдігіміздің бір айғағы. Осынау атаулы күнді лицей ұжымы, оқушылары жоғары деңгейде атап өтті. Жоспар бойынша оқушылар сапқа тұрып, күй тартылып, өлеңдер оқылып, музыкалық монтаж, яғни Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы айтылып, жүргізілді. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлы қонақта болып, Ахмет Байтұсыновтың 150 жылдығына орай, 10-11 сынып оқушыларына Ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс оқыды. Өз сөзінде зерттелу кезіндегі қызықты деректерден мысалдар келтірді. Оқушылар мен ұстаздар құнды дәріс үшін өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар қоңырау барысында әр түрлі ойындар ұйымдастырылды және жоғарғы сынып оқушылары лицей ұжымына, оқушыларға бір мақал, қанатты сөз+1 бауырсақ ойынын ойнатты.
Тілдер  мерекесі