22
май
2024
Жігіттеріміз жеңіс шыңында!
Жігіттеріміз жеңіс шыңында!
2024 жылдың 05 мамырында Қызылорда облысының аймақтық спорттық бағдарламалаудан Қазақстан чемпионатының республикалық жарысының облыстық кезеңі болды. С. Шаухаманов атындағы «Білім-инновация» лицей-интернатынан 10 оқушы қатысып 7 жүлделі орынның 5- еуін иеленіп арнайы диплом және FREEDOM HOLDING COR. корпорациясының ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Олар:
10 сынып оқушысы Мадияр Асқарұлы 1- орын (315 000 мың теңге)
10 сынып оқушысы Нұрбақ Ілесбек 2- орын (180 000 мың теңге)
10 сынып оқушысы Хамза Шағдар 3- орын (90 000 мың теңге)
11 сынып оқушысы Бибарыс Кəдірбай 3 - орын (72 000 мың теңге)
8 сынып оқушысы Ербол Төлеутай 3 - орын (45 000 мың теңге)
Бас жүлдені иеленген Асқарұлы Мадияр мен Ілесбек Нұрбақ биыл Қазақстанда болатын ICPC жарысының финалына шақырту алды.
Жаттықтырушысы информатика пәнінң мұғалімі Айдос Нұрмаш.
Спорттық бағдарламалау Федерациясының Қызылорда облысындағы өкілдігі ресми түрде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында тіркелгенін қуана хабарлаймыз! Айдос Нұрмаш өкілдіктің жетекшісі болып тағайындалды.
Айдос жаттықтырушылық қызметін 2016-жылы бастады және содан бері спорттық бағдарламалауды белсенді түрде дамытып келеді. 2019-жылдан бастап, ол AITU-да командаларды жаттықтыра бастады, қазір информатика пәнінен сабақ береді. Сонымен бірге «Білім-инновация» оқушылары мен экожүйені дамыту жобасы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерін жаттықтырады. Айдос халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың қазылар алқасының мүшесі болып табылады.
