СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
август
2022

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Мамыр айының 25 жұлдызы алтын ұядан ұшқалы тұрған әрбір түлек үшін маңызды, толқулар мен қимастық сезімдерге толы күн. Бұл күн қоңыраудың сыңғырлаған соңғы үнін мәңгі жадына сақтайтын күн.
Осындай маңызды күнде лицейіміз «СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!» атты салтанатты жиын өткізді. Жиын басталмас бұрын бітіруші түлектер, сынып жетекшілер және сынып тәрбиешілері ортаға зор құрметпен шақырылып, ҚР Мемлекеттік Әнұраны айтылды. Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің демекші түлектерге арналған алғашқы құттықтау сөз лицей директоры Сихимбеков Руслан Алмасұлына берілді. Салтанатты жиын 2021-2022 оқу жылының табысты оқушыларының, яғни үздіктер шеруімен жалғасын тапты. Ата-ананың үміт – арманы баласымен бірге жасайды. Ата-анамыздың бар тілеуі балаға арналғаны екені белгілі. Сөз кезегі 11 «А», «Б» сыныбының ата-аналарына берілді. Сонымен қатар, лицей -интернатымыздың мақтаныштары, дарынды шәкірттердің аға буындары, салтанатты жиынның құрметті қонақтары, лицейдің байырғы түлектері інілеріне ақ тілектерін арнап, жыл сайын өздері жақсы дәстүрге айналдырып алған ұстаздарына деген құрметін білдіру мақсатында берілетін шет елге жолдама сертификатын ұсынды.
Мейірімінен шуақ төгілген ұстаздарын, білімді құйған саналы лицейін, үзілісте соғылатын қоңырауын, білімнің алтын қазығы білім кілтін тапсыру салтанатына да кезек келді. Білім кілтін 11 А сынып оқушысы білім олимпиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері Шахафиддин Нұрдәулет 10 А сынып оқушысы білім олимпиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері Мұратұлы Рауанға аманаттап табыстады. Сонан соң, бітіруші түлектер бақытты сәттерін лицейде өткізгендіктерін, өз алғыстарын айтып, 7 – сынып оқушыларына сыйлықтарын табыстады.
«Күміс қоңырау – оқушылық өмірден естелік болып жаңғырмақ, Күміс қоңырау – балалық шақтан даналық сапарға шығарып салмақ» - дей келе, дәстүрлі мерекенің әсерлі, керемет сәтіне де кезек келіп, соңғы қоңырау соғу салтанаты бірнеше дүркін білім олимпиадаларының жүлдегері 11 сынып оқушысы Жұмағали Дәулетпен облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегері, оқу озаты 7 сынып оқушысы: Жарасбек Саятқа берілді.
Жиын соңында бітіруші түлектерге мемлекеттік емтихан мен қорытынды сын Ұлттық бірыңғай тестілеуді 140 балмен тапсыруларына, жаңа өмірлеріне сәт-сапар, ақ жол тілеп, қорытындыланды. Бітіруші түлектер қимастық сезімдерін, алғыстарын әнмен жеткізіді.