«Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
№9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы
07
сентябрь
2024

«Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы

С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық                         «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы және қамқоршылық кеңеспен бірлескен 7-сынып оқушыларының ата-аналарына еркін форматтағы форум өткізілді. 
Барысы:
«Ашық есік күні» іспеттес өткізілген іс-шара аясында ата-аналарға лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Төлепберген Сандуғаш, химия пәні мұғалімі және лицейдің олимпиада командасының жетекшісі Махмудинов Қуаныш лицейдегі оқушыларды шыңға жетелейтін дағдылармен таныстырып өтті. Сонымен қатар лицей психологы Калыбаева Гүлнар ата-аналарға психологиялық тренинг өткізді. «Әкелер кеңесі», «Аналар Академиясы» мүшелері сөз сөйлеп, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстарымен таныстырды. Ата-аналарға қамқоршылық кеңестің қолдауымен кофе брейк ұйымдастырылып, дастархан жайылып, пайдалы ақпараттар, әңгімелер өрбіді.
Қорытынды:
Іс-шара соңында ата-аналар ұйымдастырушы ұжымға, «Әкелер кеңесі» , «Аналар Академиясына» өз алғысын жеткізді. Үлкен әсер алғандықтарын айтып, бөлісті. 
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/C_pceh9JPeX/?igsh=dTQ2c3B0bzRyeTlo