Құқық бұзушылыққа жол жоқ
Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, адамгершілігі мол тұлғаның қалыптастыру; Жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу; Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау;
Барысы: С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты 9-сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылыққа жол жоқ.Өйткені біз бақытты, бейбіт елде өмір сүреміз!» тақырыбында дебат өткізілді. Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл-құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру-құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады. Сондықтан да құқық бұзушылыққа жол жоқ екендігін, біз бейбіт елде өмір сүретінімізді ұғындыру керек деп айтылды.
Қорытынды: Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекше-лiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп. Біз осы мектептен бастап құқық бұзушылыққа жол бермей, өзгені сыйлап, құрметтеуге, біреудің құқығын бұзбауға және өзіміздің құқығымызды бұзуға жол бермеуіміз керек. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында. Біз сол жолда қызмет ететін жастар қатарынан табылайық деп тілек білдірілді!