15
февраль
2024
Түлектермен кездесу
С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернаты
27-28.10.2023ж
Анықтама
2023 жылдың 27-28 қазан күндері «Білім-инновация» лицейлері президенттерінің бас қосуы болып өтті. Бұл кездесуге лицей президенті Маханбетжан Айдын қатысты.
Барысы:
40-қа жуық жалындаған жас өз лицейлеріндегі өзін-өзі басқару ұйымы жетекшілері. Бұл оқушылар жаңа жобаларымен, тартымды ұсыныстарымен қоғам тірлігіне белсене араласып, білім мен тәрбиені ұштастыра білген келешектің сенімі мен үміті. Көшбасшылар құрылтайына қоғам қайраткерлерімен қатар, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, КАТЕВ ХҚҚ президенті Дархан Өте де келді. Ғани Бейсембаев оқушылармен емен-жарқын дастархан басында сырласты. Кесдесу әрі қарай еркін форматтағы сұхбаттасумен жалғасын тапты. Сұхбат барысында патриоттық сезім, білім жүйесіндегі өзгерістер, салауатты өмір салтын ұстану, академиялық мобильдік яғни ел ішінде, шет елде тәжірибе алмасу, қоғамға қызмет ету турасында тұшымды әңгіме өрбіді. Ғани Бейсембаев әр оқушыға сыйлық табыстап, ортақ суретке түсті.
Қорытынды:
Көшбасшылық қабілетті шыңдау жолында лицей президенттері келелі кеңестен іргелі ақпарат алды. Бұл кездесуден үлкен әсер алғандықтарын жеткізді. Бойларына күш жинап, болашаққа деген сенімдері артып, керемет сезіммен оралғандықтарын жеткізді. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдірілді.