Өзін-өзі басқару
Өзін-өзі басқару» ұйымының Президентін ұлықтау рәсіміне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы Барысы: 1.Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 2023 жылдың қазан айының 16-20 аралығында лицей президенті мен министрлікке үміткер 12 оқушы сайлау алды үгіт насихаттарын жүргізді. 23 қазан күні лицейімізде өткен парламент сайлауында 324 сайлаушы өз дауыстарын беріп, сайлау өз мәресіне жетті. Лицей парламентін ұлықтау рәсімін ашық деп жариялаймыз. ҚР мемлекеттік Гимні орындалсын.