ЖӘУТІКОВ ОЛИМПИАДАСЫ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
2025 жылғы 13-17 қаңтар аралығында Астанада оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Олимпиадаға әлемнің 15 елінен 700 оқушы мен 150 жуық жетекші қатысады. Қатысушы елдер қатарында: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Қазақстан бар. Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысып, жүлделі орыннан көрінген қызылордалық өрендер де бар.