«Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Коммунальное государственное учреждение
Областной лицей-интернат «Білім-инновация»
для одаренных детей №9
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7242) 21-24-92
Бухгалтерия
+7(7242) 21-24-92
Версия для
слабовидящих
» » «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы
07
сентябрь
2024

«Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы

С.Шаухаманов атындағы Областной лицей-интернат «Білім-инновация»                         «Білім-инновация» лицей-интернатында лицей ұжымы, өзін-өзі басқару ұйымы және қамқоршылық кеңеспен бірлескен 7-сынып оқушыларының ата-аналарына еркін форматтағы форум өткізілді. 
Барысы:
«Ашық есік күні» іспеттес өткізілген іс-шара аясында ата-аналарға лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Төлепберген Сандуғаш, химия пәні мұғалімі және лицейдің олимпиада командасының жетекшісі Махмудинов Қуаныш лицейдегі оқушыларды шыңға жетелейтін дағдылармен таныстырып өтті. Сонымен қатар лицей психологы Калыбаева Гүлнар ата-аналарға психологиялық тренинг өткізді. «Әкелер кеңесі», «Аналар Академиясы» мүшелері сөз сөйлеп, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстарымен таныстырды. Родителям қамқоршылық кеңестің қолдауымен кофе брейк ұйымдастырылып, дастархан жайылып, пайдалы ақпараттар, әңгімелер өрбіді.
Қорытынды:
Іс-шара соңында ата-аналар ұйымдастырушы ұжымға, «Әкелер кеңесі» , «Аналар Академиясына» өз алғысын жеткізді. Үлкен әсер алғандықтарын айтып, бөлісті. 
Сілтеме: https://www.instagram.com/reel/C_pceh9JPeX/?igsh=dTQ2c3B0bzRyeTlo