Мектептегі мінез-құлық ережелері » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Коммунальное государственное учреждение
Областной лицей-интернат «Білім-инновация»
для одаренных детей №9
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7242) 21-24-92
Бухгалтерия
+7(7242) 21-24-92
Версия для
слабовидящих
» » Мектептегі мінез-құлық ережелері
02
февраль
2024

Мектептегі мінез-құлық ережелері

Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты ұшқыр ойлауға, еркін, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Барысы: 2024 жылдың 16-сы күні дебат үйірме мүшелерінің қатысуымен «Мектептегі мінез-құлық ережелері» тақырыбында дебат өткізілді. 

Жалпы мінез-құлық дегеніміз – адамның тұрақты психикалықерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. Адам әр ортада өзін-өзі дұрыс ұстау қажет екендігі айтылды. Мектепте әр баланың әр түрлі мінезі болады. Әр түрлі ортаға адам мінезімен сыя алады.


Қорытынды: Қорытындылай келе оқушыларға мінездің адам өміріндегі маңыздылығы түсіндірілді. Көркем мінезді болуға шақырды.