Алғыс айту күні » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Коммунальное государственное учреждение
Областной лицей-интернат «Білім-инновация»
для одаренных детей №9
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(7242) 21-24-92
Бухгалтерия
+7(7242) 21-24-92
Версия для
слабовидящих
01
март
2024

Алғыс айту күні

Барысы: Көктемнің алғашқы күнінде халқымыз бір-біріне алғыс айтып, ең асыл тілектерін арнайды. Алғыс айту - атамекенінен еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың құтты қоныс, қасиетті қазақ жері мен қазақ халқының қонақжай қалпына шынайы тағзымның белгісі. Бұл күн – бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке. Мереке қазақ халқының дархандығы мен даналығын көрсететін айтулы күн. Бүгінгі таңда тағдыр тәлкегіне түсіп, жан сауғалап, қазақ жерінен пана тапқан өзге ұлттар қазақ халқына шексіз алғысын білдіреді. Өйткені, олар дархан даламыздан жылу тапты. Бүгінде олардың ұрпақтары Қазақстанды өз отаны деп біледі. Сондай-ақ еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Алғыс айту күні еліміздің азаматтары қазақ халқына алғыс айтуымен қатар баршамыздың өз ата-анамызға, бауырларымызға да қала берсе барша отандастарымызға алғыс білдіретін күн екенін ұмытпайық! Осы мерекеге орай лицей-интернаттың өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен білім алушылар ұстаздарға, түрлі бағытта жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге өз алғыстарын, тілектерін білдірді. Лицей әкімшілігі тарапынан алғыс білдіре отырып тәтті бәліштер (торттар) үлестірілді. Сонымен қатар күннің ызғарына қарамастан қала тазалығына атсалысып жүрген жандарға ыстық кофе мен шоколад үлестіріліп, тілек-алғыстар айтылды.

Қорытынды: Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айту керемет сезім екендігі айтылып, оқушыларға көрсеткен құметтері мен тілектеріне алғыс айтылды.